Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі суға батып кетті

© Photo : ДЧС СКОРебенок утонул, купаясь в опасном месте на озере в Северном Казахстане
Ребенок утонул, купаясь в опасном месте на озере в Северном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 шілде күні Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған.
Ақпаратты Махамбет ауданының әкімдігі растап отыр.
Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған болатын.
Ол 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.
Жаңалықтар
0