https://sputnik.kz/20220802/askerdegi-suitsidtin-negizgi-sebebi-26488651.html
Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі суицидтің негізгі себебін айтты
Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі суицидтің негізгі себебін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскердегі суицидің негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T17:16+0500
2022-08-02T17:16+0500
2022-08-02T17:16+0500
әскери қызметкер
суицид
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскердегі суицидің негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде Қазақстанның Қарулы күштерінде 4 суицид тіркелген."Екі қайғылы жағдайдың себебі – отбасылық-тұрмыстық кикілжің. Қалған екі суицид бойынша тергеу шаралары атқарылып жатыр", - дейді қорғаныс вице-министрі Ахмедиев.Оның айтуынша, көп жағдайда әскерилерді әлеуметтік проблемалар өз-өзіне қол салуға итермелейді.Қазіргі кезде арнайы топ құрылды. Оған қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволар кіреді. Азаматтық ұйымдардың өкілдері де шақырылды. Олар әскердегі суицидтің себептерін зерделеп жатыр.Бұдан бөлек, цифрландыру шаралары аясында әскери бөлімшелерді бейнебақылау жүйесімен барынша қамту, сарбаздарға арнайы білезік тағу ұсынылып отыр. Сол арқылы олардың жүрген жерін ғана емес, тамыр соғысы жиілігін де бақылауға мүмкіндік бар.
https://sputnik.kz/20220730/stepnogorsk-aqtau-askeri-qyzmetshi-26438419.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, суицид
Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі суицидтің негізгі себебін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскердегі суицидің негізгі себебін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, биыл бес айдың ішінде Қазақстанның Қарулы күштерінде 4 суицид тіркелген.
"Екі қайғылы жағдайдың себебі – отбасылық-тұрмыстық кикілжің. Қалған екі суицид бойынша тергеу шаралары атқарылып жатыр", - дейді қорғаныс вице-министрі Ахмедиев.
Оның айтуынша, көп жағдайда әскерилерді әлеуметтік проблемалар өз-өзіне қол салуға итермелейді.
"Бізде, өкінішке қарай, мерзімді әскери қызметке келген 18 жастағы жігіттің өзінде 9 миллион теңгенің кредиті болады. Бұл бір. Бұдан бөлек, әлеуметтік проблемалар өте көп. Соның бәрі триггер болады. Енді, дөп басып айту қиын. Әрбір жағдайды жеке-жеке қарастыру қажет. Адам өмірі ғой. Анау-мынау деп айтуға болмайды", – деп атап өтті Ахмедиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазіргі кезде арнайы топ құрылды. Оған қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволар кіреді. Азаматтық ұйымдардың өкілдері де шақырылды. Олар әскердегі суицидтің себептерін зерделеп жатыр.
Бұдан бөлек, цифрландыру шаралары аясында әскери бөлімшелерді бейнебақылау жүйесімен барынша қамту, сарбаздарға арнайы білезік тағу ұсынылып отыр. Сол арқылы олардың жүрген жерін ғана емес, тамыр соғысы жиілігін де бақылауға мүмкіндік бар.