Екі әскери қызметші өзіне қол жұмсады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстан армиясында екі әскери қызметші көз жұмды: 29 шілдеде Степногорскіде мерзімдік әскери қызметші Оразбай, 30 шілдеде Ақтауда келісімшарт бойынша әскери қызметші Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсады.

Мерзімдік әскери қызметші Оразбайдың қазасы

29 шілде күні сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кеткен. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың өзіне қол салғанын көрген.
"Автопарктің кезекші қызметі әскери қызметшіге жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады", - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Қатардағы Оразбай 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

Келісімшарт бойынша әскери қызметші Мерғалиевтың қазасы

30 шілде күні сағат 05.15-те әскери бөлімге аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен.
"Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03.30 шамасында күйеуінің денесін үйінің дәретханасынан тауып алғаны белгілі болды", - деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.
Аталған фактілер туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланды. Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.
Қазақстан Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы әскери қызметшілердің ата-анасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Жаңалықтар
0