Денсаулық

Дәрігер кофеден бірден бас тартқанда не болатынын айтты

© AFP 2024 / Yuri CortezКофе
Кофе - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
Кофені жиі ішу тәуелділікке әкеледі. Дене өзінің стимуляторлық гормондарын шығаруды тоқтатады және кофеиннің көбірек мөлшерін талап ете бастайды
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз - Sputnik. Невропатолог Лев Камышев кофеден күрт бас тартудың салдары туралы ескертті. Бұл туралы ол "Говорит Москва" радиостанциясының эфирінде айтты.
Дәрігердің айтуынша, кофені жиі қолдану тәуелділікке әкеледі. Салдарынан организм стимуляторлық гормондарды шығаруды тоқтатады және кофеиннің көбірек мөлшерін қажет ете бастайды. Алайда, бұл сусыннан кенеттен бас тартуы адамның жағдайына әсер етуі мүмкін.
Камышев кофені күнделікті рационнан біртіндеп алып тастау керектігін атап өтті. Әйтпесе, бас ауруы мен әлсіздік пайда болуы мүмкін.
"Сондай-ақ, ұйқышылдық болады. Өйткені ағза сыртқы нейростимуляторларсыз жұмыс істемей қалады. Олар әрекет етпеген кезде адам біраз уақыт әлсіздікті сезінеді", - деді Камышев.
Кофе - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Денсаулық
Диетолог кофенің ми жұмысына әсері туралы айтты
Жаңалықтар
0