Ресейде кран құлап, танымал блогер көз жұмды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, Ресей
Жедел жәрдем, Ресей - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
Кабина 32 жастағы әйелмен бірге 12 метрлік биіктіктен құлады
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде - Sputnik. Ресейдің Түмен қаласында жүк тиеу кезінде қатты жел салдарынан кран құлап, Эльвира есімді танымал TikTok блогер қайтыс болды, деп хабарлайды "Известия".
Кабина 32 жастағы әйелмен бірге 12 метрлік биіктіктен құлады. Тергеушілер "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс немесе басқа жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
БАҚ мәліметі бойынша, қайтыс болған әйел краншы болып жұмыс істеген. Ол TikTok-та өзінің жұмысын көрсетіп, видео түсіріп танымал болған. Блогердің екі баласы қалды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Танымал қазақстандық блогер жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0