Танымал қазақстандық блогер жол апатынан көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Тараздан Алматыға бет алған автокөлік жол шетіне шығып кетіп, аударылған
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 27 наурыз күні таңғы сағат 07.00-де "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 282 шақырымында "Хонда Одиссей" көлігі жол апатына ұшыраған.
"Тараздан Алматыға бет алған автокөлік жол шетіне шығып кетіп, аударылған. 29 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша мен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жол апатынан қаза тапқан Дәулет Бейсенбек танымал отбасылық блогер болған. Оның Instagram парақшасына 780 мың адам жазылған. Артында екі баласы және жүкті әйелі қалды.
Жаңалықтар
0