https://sputnik.kz/20220728/qogamdyq-tamaqtanu-kasiporyndary-qant-26405293.html
Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады
Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қосымша қант жөнелтіледі 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T16:10+0500
2022-07-28T16:10+0500
2022-07-28T16:11+0500
қоғам
қант
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26126884_0:85:1921:1165_1920x0_80_0_0_2c16e6331e5fb95010e50a7bdc08227a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінде сауда және интеграция министрлігі, елорда әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.Бұған дейін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.Бүгін қоғамдық тамақтану объектілеріне қажет қанттың көлемі айқындалады.Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш өңірге мың тоннадан астам қант жеткізіледі."Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.Жуырда ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20220726/qant-bagasy-qansha-boluy-kerek-ministr-26348335.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0e/26126884_0:0:1553:1165_1920x0_80_0_0_837e4e43f7ddcb19474b591187912321.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант
Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады
16:10 28.07.2022 (жаңартылды: 16:11 28.07.2022) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қосымша қант жөнелтіледі
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінде сауда және интеграция министрлігі, елорда әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.
Бұған дейін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
"Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін қоғамдық тамақтану объектілеріне қажет қанттың көлемі айқындалады.
Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш өңірге мың тоннадан астам қант жеткізіледі.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Жуырда ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.