https://sputnik.kz/20220726/qant-bagasy-qansha-boluy-kerek-ministr-26348335.html
Елімізде қант бағасы қанша болуы керек – министр түсініктемесі
Елімізде қант бағасы қанша болуы керек – министр түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті 26.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-26T12:33+0500
2022-07-26T12:33+0500
2022-07-26T12:33+0500
қант
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1a/26347049_0:230:1281:950_1920x0_80_0_0_379e4fcbbaa18565aad0d6fddfbda604.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде қазір қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қант құрағы шамамен екі есе, 476 долларға дейін қымбаттаған. Логистика шығындары да 2,6 есе, 110 доллардан 290 долларға дейін өскен. Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті. Ал бұл дүрбелең мен үлкен сұранысқа алып келіп жатыр. Кейбір әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен де сатқан. Мысалы, Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан. "Әкімдіктердің осы іс-әрекеті дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтыруда", - деді министр. Ведомство басшысы ішкі нарықта коммерциялық қанттың көлемі жеткілікті екенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1a/26347049_0:23:1281:983_1920x0_80_0_0_5355509dedfe5b38b1aef6668ccb5d64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант
Елімізде қант бағасы қанша болуы керек – министр түсініктемесі
Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде қазір қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қант құрағы шамамен екі есе, 476 долларға дейін қымбаттаған. Логистика шығындары да 2,6 есе, 110 доллардан 290 долларға дейін өскен.
"Бұл жағдай отандық қант зауыттарында құрақ қанттың өзіндік құнының өсуіне әкеп соқты. Бүгінгі таңда зауыттар 1 келі қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте көтерме және бөлшек сауда сатушылары қосатын 15% үстеме бағаны ескерсек, қанттың ең төмен бағасы шамамен бір келісі 595-600 теңге болуы қажет", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті. Ал бұл дүрбелең мен үлкен сұранысқа алып келіп жатыр.
Кейбір әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен де сатқан.
Мысалы, Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан.
"Әкімдіктердің осы іс-әрекеті дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтыруда", - деді министр. Ведомство басшысы ішкі нарықта коммерциялық қанттың көлемі жеткілікті екенін мәлімдеді.