https://sputnik.kz/20220728/elektr-zhelisi-apat-atyrau-moz-zhumysy-26397129.html
Электр желісіндегі апат: Атырау МӨЗ жұмысы қашан қалпына келтіріледі
Электр желісіндегі апат: Атырау МӨЗ жұмысы қашан қалпына келтіріледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қондырғыларды тестілеу мен іске қосуды бастау үшін электр энергиясы қайта берілуі керек, деп санайды Атырау мұнай өңдеу... 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T12:55+0500
2022-07-28T12:55+0500
2022-07-28T12:55+0500
өңірлер
атырау
зауыт
https://sputnik.kz/img/838/19/8381939_0:0:4000:2250_1920x0_80_0_0_3b78b02d93e7036197a6943614335535.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қондырғыларды тестілеу мен іске қосуды бастау үшін электр энергиясы қайта берілуі керек, деп санайды Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы.Атырау МӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратовтың айтуынша, зауытта қысқа мерзім ішінде осымен екінші рет электр қуаты апатты жағдайда өшті. Өткен жұмада электр энергиясына байланысты екі қондырғы тоқтаған, деп хабарлайды ATPress.kz."Оларды іске қосуға бір жарым күн кетті. Қазір жағдай басқаша: өткен аптада циркуляция сақталған. Ал енді жабдықты мұнай өнімдерінен, катализатордан тазартуға тура келеді. Сол себепті бүкіл қондырғының жұмысын қалпына келтіруге қанша күн кететінін айту мүмкін емес", - деп түсіндірді Мұрат Досмұратов.Кеше Атырау МӨЗ апатты жағдайдың салдары қондырғылар іске қосылғаннан кейін бағаланатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда зауытта тұтынушыларға жөнелту үшін 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизельді отын, 4 мың тонна әуе керосині бар.Айта кетері, сәрсенбі, 27 шілде Атырау мұнай өңдеу зауыты электр энергиясының сөнуіне байланысты өндірісті тоқтатты. "KEGOC" АҚ бұған нөсер жауын мен қатты жел себеп болғанын түсіндірді. Ауа райының қолайсыздығынан электр желілерінің екі мұнарасы құлап, электр қуаты автоматты түрде өшкен.
https://sputnik.kz/20220728/kegoc-qazaqstan-elektr-energiyasy-26392022.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/838/19/8381939_581:0:3581:2250_1920x0_80_0_0_c83cc6cb845a65e7bd8c901e81bca8ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, зауыт
Электр желісіндегі апат: Атырау МӨЗ жұмысы қашан қалпына келтіріледі
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қондырғыларды тестілеу мен іске қосуды бастау үшін электр энергиясы қайта берілуі керек, деп санайды Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы.
Атырау МӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратовтың айтуынша, зауытта қысқа мерзім ішінде осымен екінші рет электр қуаты апатты жағдайда өшті. Өткен жұмада электр энергиясына байланысты екі қондырғы тоқтаған, деп хабарлайды
ATPress.kz."Оларды іске қосуға бір жарым күн кетті. Қазір жағдай басқаша: өткен аптада циркуляция сақталған. Ал енді жабдықты мұнай өнімдерінен, катализатордан тазартуға тура келеді. Сол себепті бүкіл қондырғының жұмысын қалпына келтіруге қанша күн кететінін айту мүмкін емес", - деп түсіндірді Мұрат Досмұратов.
Кеше Атырау МӨЗ апатты жағдайдың салдары қондырғылар іске қосылғаннан кейін бағаланатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда зауытта тұтынушыларға жөнелту үшін 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизельді отын, 4 мың тонна әуе керосині бар.
Айта кетері, сәрсенбі, 27 шілде Атырау мұнай өңдеу зауыты электр энергиясының сөнуіне байланысты өндірісті тоқтатты. "KEGOC" АҚ бұған нөсер жауын мен қатты жел себеп болғанын түсіндірді. Ауа райының қолайсыздығынан электр желілерінің екі мұнарасы құлап, электр қуаты автоматты түрде өшкен.