https://sputnik.kz/20220728/kegoc-qazaqstan-elektr-energiyasy-26392022.html
KEGOC Қазақстанның батысында электр энергиясы неге өшіп қалғанын түсіндірді
KEGOC Қазақстанның батысында электр энергиясы неге өшіп қалғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Электр энергиясының өшуі салдарынан мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап қалған болатын 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T08:45+0500
2022-07-28T08:45+0500
2022-07-28T08:52+0500
қоғам
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071472_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_510c40a3bf92e7f5acb48e68b3d32cdc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "KEGOC" АҚ Атырауда электр энергиясын апатты ажыратуға не себеп болғанын түсіндірді.27 шілдеде 18:08-де Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан (жаңбыр, найзағай, дауыл) "Құрманғазы" мұнай айдау станциясына тоқ беретін электр қондырғысының 220 кВ екі сымы бір мезетте үзілді.Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, электр сымдарының екі тірегі құлап қалған. Бұл Қазақстанның Каспий құбыр консорциумын 16 МВт электр энергиясымен жабдықтауды шектеуге әкеп соқты.Одан кейін сағат 18:42-де Атырау мұнай өңдеу зауытында тоқ келетін электр кірістері істен шықты. "KEGOC" АҚ тарапынан электр энергиясы ажыратылған жоқ.Энергия жүйесімен бірге "Karabatan Utility Solution" электр станциясының байланыс желілері де өшті. Салдарынан электр станциясы генерациясын нөлге дейін түсірді, бұл жиіліктің төмендеуіне алып келді."KEGOC" АҚ электр желілері мен Қазақстанның батысында электр станцияларының апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылды. Автоматты жиіліктік жүктеменің арқасында Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұтынушылары жарықсыз қалмады. Тұтынушылардың шамамен 90%-ін электр энергиясымен жабдықтау сақталды.Қазіргі таңда технологиялық апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071472_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_1c75c4a9ed3c9522bf026cefba032c5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
KEGOC Қазақстанның батысында электр энергиясы неге өшіп қалғанын түсіндірді
08:45 28.07.2022 (жаңартылды: 08:52 28.07.2022) Электр энергиясының өшуі салдарынан мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап қалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "KEGOC" АҚ Атырауда электр энергиясын апатты ажыратуға не себеп болғанын түсіндірді.
27 шілдеде 18:08-де Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан (жаңбыр, найзағай, дауыл) "Құрманғазы" мұнай айдау станциясына тоқ беретін электр қондырғысының 220 кВ екі сымы бір мезетте үзілді.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, электр сымдарының екі тірегі құлап қалған. Бұл Қазақстанның Каспий құбыр консорциумын 16 МВт электр энергиясымен жабдықтауды шектеуге әкеп соқты.
Одан кейін сағат 18:42-де Атырау мұнай өңдеу зауытында тоқ келетін электр кірістері істен шықты. "KEGOC" АҚ тарапынан электр энергиясы ажыратылған жоқ.
Энергия жүйесімен бірге "Karabatan Utility Solution" электр станциясының байланыс желілері де өшті. Салдарынан электр станциясы генерациясын нөлге дейін түсірді, бұл жиіліктің төмендеуіне алып келді.
"KEGOC" АҚ электр желілері мен Қазақстанның батысында электр станцияларының апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылды. Автоматты жиіліктік жүктеменің арқасында Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұтынушылары жарықсыз қалмады. Тұтынушылардың шамамен 90%-ін электр энергиясымен жабдықтау сақталды.
Қазіргі таңда технологиялық апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.