https://sputnik.kz/20220727/vaktsinalardyn-zhana-partiyasy-qauipti-26379560.html
"Вакциналардың жаңа партиясы өмірге қауіпті": желіде тағы бір фейк тарады
"Вакциналардың жаңа партиясы өмірге қауіпті": желіде тағы бір фейк тарады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. "COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары өлімге әкеледі" деген ақпарат - жалған жазады Stopfake.kz. 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T21:54+0500
2022-07-27T21:54+0500
2022-07-27T21:54+0500
денсаулық
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17086177_0:64:3073:1792_1920x0_80_0_0_4c084edd293d56c66c61bfc7fba34488.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. "COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары өлімге әкеледі" деген ақпарат - жалған жазады Stopfake.kz.Telegram мессенджері арқылы тараған хабарламада ірі фармацевтикалық компаниялардың коронавирусқа қарсы вакцинаның жаңа партиясын "иммундық импритингті" туғызу үшін шығарып жатқаны туралы айтылады. COVID-19 қатысты иммундық импринтингті Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтман өз еңбегінде сипаттап берген. Иммундық импринтинг кезінде коронавирустың бір түрімен ауырған немесе оған қарсы вакцина алған адамның ағзасындағы тікенек тәрізді ақуыз коронавирустың басқа нұсқасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, коронавирусының "альфа" нұсқасын жұқтырған немесе дәл осы нұсқа негізінде вакцина салдырған адам "дельтаны" жұқтырғанда басқаша ауырады."Алайда бұл вакциналар тиімділігін жоғалтады немесе өлімге әкеледі дегеннің белгісі емес. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди Medical Mews Today порталына патоген нұсқасында жасалған түпнұсқа вакциналарды қолдану әлі де өзекті және ауру жұқтырған жағдайда оның ауыр ағымынан мен өлімнен қорғай алатынын айтты", - делінген материалда. Оған қоса, бір өндіруші әртүрлі уақытта шығарған вакцина партиялары құрамы жағынан өзгермейді. Демек, адам ағзасына басқаша әсер етпейді.
https://sputnik.kz/20220727/qazaqstanda-covid-19-zhuqtyrgandar-26377493.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17086177_126:0:2857:2048_1920x0_80_0_0_1a61efea53184a90ddbdc99c26f5ad42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина
"Вакциналардың жаңа партиясы өмірге қауіпті": желіде тағы бір фейк тарады
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. "COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары өлімге әкеледі" деген ақпарат - жалған жазады
Stopfake.kz.
Telegram мессенджері арқылы тараған хабарламада ірі фармацевтикалық компаниялардың коронавирусқа қарсы вакцинаның жаңа партиясын "иммундық импритингті" туғызу үшін шығарып жатқаны туралы айтылады.
"Соның нәтижесінде тәжірибелік вакцинаны салдырған адамдар ауырып өледі", - делінген ақпаратта.
COVID-19 қатысты иммундық импринтингті Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтман өз еңбегінде сипаттап берген. Иммундық импринтинг кезінде коронавирустың бір түрімен ауырған немесе оған қарсы вакцина алған адамның ағзасындағы тікенек тәрізді ақуыз коронавирустың басқа нұсқасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, коронавирусының "альфа" нұсқасын жұқтырған немесе дәл осы нұсқа негізінде вакцина салдырған адам "дельтаны" жұқтырғанда басқаша ауырады.
"Алайда бұл вакциналар тиімділігін жоғалтады немесе өлімге әкеледі дегеннің белгісі емес. Сан-Францискодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди Medical Mews Today порталына патоген нұсқасында жасалған түпнұсқа вакциналарды қолдану әлі де өзекті және ауру жұқтырған жағдайда оның ауыр ағымынан мен өлімнен қорғай алатынын айтты", - делінген материалда.
Оған қоса, бір өндіруші әртүрлі уақытта шығарған вакцина партиялары құрамы жағынан өзгермейді. Демек, адам ағзасына басқаша әсер етпейді.