https://sputnik.kz/20220727/qazaqstanda-covid-19-zhuqtyrgandar-26377493.html
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың 80%-і – вакцина салдырмағандар
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың 80%-і – вакцина салдырмағандар
Sputnik Қазақстан
Шілде айында індетке шалдыққан 3 науқас қайтыс болды 27.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-27T15:05+0500
2022-07-27T15:05+0500
2022-07-27T15:05+0500
денсаулық
қазақстан
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1c/18246739_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_66920e635fa25423ee944ff19a99751e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы – вакцина алмағандар. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, елде соңғы аптада вирус жұқтыру 1,9 есе өскен (8 156 жағдайдан 15 503 жағдайға дейін). Қазіргі уақытта республикада егу пунктерінде 1,5 миллион доза вакцина бар. Есмағамбетованың айтуынша, тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 2 700 адамға дейін барады. Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелді. Шілдеде коронавируспен ауырған 3 науқас қайтыс болды. Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-і 3 аймақта тіркеліп отыр, олар Алматы (4 704 жағдай немесе 30,3%), Нұр-Сұлтан (4937 жағдай немесе 31,8%) қалаларында және Қарағанды облысында (1237 жағдай немесе 8%). "Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен", - деп атап өтті вице-министр. Қазіргі таңда елде 1 342 пациент ауруханаға жатқызылды, төсек-орындардың 30 пайызы бос емес. Стационарларда емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 36,3%, ересектер – 63,7% және қосымша аурулары бар пациенттер – 51,9%.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1c/18246739_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_05af4727371b28ffab434e484b6db25d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, коронавирус
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың 80%-і – вакцина салдырмағандар
Шілде айында індетке шалдыққан 3 науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы – вакцина алмағандар. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, елде соңғы аптада вирус жұқтыру 1,9 есе өскен (8 156 жағдайдан 15 503 жағдайға дейін).
"Эпидемиологиялық тексеріс барысында ауырғандардың 80%-і екпе алмаған немесе 6 ай бұрын вакцина салдырған адамдар екені анықталды. Бұл тағы да коронавирусқа қарсы вакцинаның қажет екенін растайды", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қазіргі уақытта республикада егу пунктерінде 1,5 миллион доза вакцина бар.
Есмағамбетованың айтуынша, тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 2 700 адамға дейін барады. Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелді. Шілдеде коронавируспен ауырған 3 науқас қайтыс болды.
Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-і 3 аймақта тіркеліп отыр, олар Алматы (4 704 жағдай немесе 30,3%), Нұр-Сұлтан (4937 жағдай немесе 31,8%) қалаларында және Қарағанды облысында (1237 жағдай немесе 8%).
"Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен", - деп атап өтті вице-министр.
Қазіргі таңда елде 1 342 пациент ауруханаға жатқызылды, төсек-орындардың 30 пайызы бос емес. Стационарларда емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 36,3%, ересектер – 63,7% және қосымша аурулары бар пациенттер – 51,9%.