Спорт

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсартты

Александр Бублик - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде - Sputnik. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілер рейтингін жаңартты, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі саты төмен түсті, 41-ші орында тұр. Денис Евсеев "Президент Кубогының" финалына шыққаннан кейін 72-ші орынға көтерілді. 269-шы орынға жайғасып, ATP рейтингінде жеке рекорд орнатты. Бейбіт Жұқаев та жеке рекордын жаңарта алды, ол 394-ші орында. Дмитрий Попко (179-орын), Михаил Кукушкин (207-орын) және Тимофей Скатов (216-орын) та жоғары көтерілді.
Жұптық рейтингте Андрей Голубев 43-ші, ал Александр Недовесов 61-ші орында.
Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-ші орында қалды. Юлия Путинцева екі тармақтан айырылып, 41-ші орынға тұрақтады. Зарина Дияс - 245-ші, Жібек Құламбаева 21-ші тармаққа көтерілді, енді ол 488-ші, ал Гозаль Айнитдинова 561-ші.
Жұптық рейтингте Анна Данилина әлемдік рейтингте 23-ші орында.
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Жаңалықтар
0