Өңірлер

Қарағандыда 13 жастағы қызды зорламақ болған педофил ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековКішкентай қыз
Кішкентай қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Полиция қызметкерлері жасөспірім қызды зорламақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 24 шілде күні Қарағандының 51 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Ол 19.00 шамасында белгісіз ер адам 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталардың арасына апарып, жыныстық зорлық-зомбылық жасауға тырысқанын жеткізді.
Бірақ қызы қатты айқайлағаннан кейін ер адам баланы жіберіп, өзі қашып кеткен. Оқиға орнына бірінші болып учаскелік полиция инспекторлары келді. Тексеріс барысында аулалардың бірінен 36 жастағы күдікті ұсталды.
Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеу басталды.
"Баптың санкциясына сәйкес, күдікті 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Қоғам
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
0