https://sputnik.kz/20220724/memleket-basshysy-islam-damu-bankinin-prezidenti-26314528.html
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды 24.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-24T16:58+0500
2022-07-24T16:58+0500
2022-07-24T16:58+0500
саясат
мемлекет басшылары
банк
https://sputnik.kz/img/748/88/7488863_0:300:5760:3540_1920x0_80_0_0_cfc31f6006324f54753d466c6fededf1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды. Алматыда 25 жылдан астам уақыт бұрын орналасқан аймақтық кеңсе Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД, Монғолия және Қытайда банк операцияларын үйлестіреді. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы жоғары маңыздылық пен өзара сенімді қарым-қатынасты білдіреді. Әл-Джассер мемлекет басшысына банктің инвестициялар саласындағы саясат және алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде айтты. Оның айтуынша, Ислам даму банкі бизнес, қаржы салаларындағы жобаларға, сондай-ақ инфрақұрылым мен коммуникацияларды жаңғыртуға қаражат бөлуді жалғастыруға ниетті.
https://sputnik.kz/20220724/toqaev-saud-arabiyasyndagy-iri-kompaniyalar-26312944.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/88/7488863_320:0:5440:3840_1920x0_80_0_0_8c2728901cb8039a27839be91395654f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекет басшылары, банк
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің басшысы Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД елдері ішінде Ислам даму банкімен серіктестік бағдарламасын бірінші болып әзірлеген ел екенін еске салды.
Алматыда 25 жылдан астам уақыт бұрын орналасқан аймақтық кеңсе Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД, Монғолия және Қытайда банк операцияларын үйлестіреді. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы жоғары маңыздылық пен өзара сенімді қарым-қатынасты білдіреді.
"Біз банктің Қазақстан экономикасына көп жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалаймыз. Ислам даму банкі ынтымақтастық орнатқан жылдар ішінде еліміздегі экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік жобаларға 1,6 миллиард доллардан астам инвестиция салды", – деді мемлекет басшысы.
Әл-Джассер мемлекет басшысына банктің инвестициялар саласындағы саясат және алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде айтты.
Оның айтуынша, Ислам даму банкі бизнес, қаржы салаларындағы жобаларға, сондай-ақ инфрақұрылым мен коммуникацияларды жаңғыртуға қаражат бөлуді жалғастыруға ниетті.