Саясат

Тоқаев Сауд Арабиясындағы ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанКасым-Жомарт Токаев принял участие в инвестиционном круглом столе с представителями деловых кругов Саудовской Аравии
Касым-Жомарт Токаев принял участие в инвестиционном круглом столе с представителями деловых кругов Саудовской Аравии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Жазылу
Президент Acwa Power компаниясын Қазақстанда жасыл сутегі өндірісі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Президент Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелесті.
"Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтты. Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтауда", - деп жазады Ақорда.
Мұхаммед Әбунаянмен кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланды. Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жаңғыртылатын энергия көздерінің 30 пайызын өндіруді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Acwa Power компаниясын Қазақстанда жасыл сутегі өндірісі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2022
Экономика
Қазақстан Сауд инвесторларына ерекше шарттар мен артықшылықтар ұсынуға дайын
Жаңалықтар
0