Спорт

Нұр-Сұлтанда алғаш рет ATP 500 сериясының теннис турнирі өтеді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТеннис
Теннис - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
Astana Open-те мықты қатысушылар құрамы болады деп болжанып отыр. Оның ішінде әлемнің үздік 10 теннисшісі бар
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Қазақстан астанасы 2022 жылдың 1-9 қазан аралығында өзінің алғашқы ATP 500 турнирін қабылдайды. ATP China Open турнирін Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Бұл маңыздылығы бойынша Үлкен дулыға және ATP Masters 1000 турнирлерінен кейінгі ерлер теннисінің үшінші турнирі. 24 барлық маусымды корттары бар және Есіл өзенінің жағасында саябақ аймағында орналасқан Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.
"ATP Қазақстанға осы беделді халықаралық турнирді өткізу құқығын сеніп тапсырғанына қуаныштымын. ATP Tour 500 сериялы турнирді өткізуге басым кандидат ретінде бізге жүгінді. Бұл шешім теннисті дамыту үшін әлемдік озық тәжірибені пайдалану бойынша Қазақстан таңдаған стратегияның дұрыстығын тағы бір рет көрсетеді", - деді Қазақстан теннис федерациясының президенті, Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті Болат Өтемұратов.
Әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Astana Open ATP 500-де өнер көрсетеді. Медведев АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды, үш Үлкен Дулыға турнирінің финалисі болды, сонымен қатар 2020 жылы ATP қорытынды турнирінде олжаға ие болды.
"2020 жылы Қазақстан ойын мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіби тенниске арналған жаңа нарықтарды зерттеу үшін бір жылдық лицензия алды. Біз 2020-21 жылдары ATP 250 сериясының екі турнирін өткіздік. Екі жылдан кейін біз ATP 500 сериялы турнирді өткізу құқығына ие болдық. Айта кетері, бұл турнир біз үшін айтулы жылы өтуде. Біздің теннисші Елена Рыбакина Уимблдонда ел үшін алғашқы және тарихи жеңіске қол жеткізіп, үздік нәтиже көрсетті. Биыл федерацияға 30 жыл толады", — деп толықтырды Өтемұратов.
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Жаңалықтар
0