Өңірлер

Алматының бас полицейі тағайындалды

© Photo : Официальный сайт МВД КазахстанаАрыстанғани Заппаров
Арыстанғани Заппаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Маусым айына дейін Алматы қалалық полиция департаментін Қанат Таймерденов басқарды
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне генерал-майор Арыстанғани Заппаров тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан департамент таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев жаңа басшыны департаменттің жеке құрамына таныстырды.
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы дүниеге келген. 1993 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.
2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.
Айта кетері, маусым айына дейін Алматы қалалық полиция департаментін Қанат Таймерденов басқарды. Оны министрліктің экстремизммен күрес жөніндегі департаменттің басшысы қызметіне тағайындады.
Начальник департамента полиции Алматы Канат Таймерденов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Қоғам
Таңға қарай оқ-дәрі таусылды – Таймерденов полицияға жасалған шабуыл туралы айтты
Жаңалықтар
0