Өңірлер

Жамбыл облысында зираттан қару-жарақ қоймасы табылды – видео

© Photo : Пресс-служба департамента полиции на транспорте Қару-жарақ
Қару-жарақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының тәртіп сақшылары зираттан қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, арнайы сөмкеде "АКС-74У" автоматы, екі оқжатары, 9 мм калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шулы граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38, 12 калибрлі 2 және 5,45 мм калибрлі 8 оқ дәрi болды.
Барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрінің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Адамның аты-жөні көрсетілмейді.
Қару ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Оқиға
Алматы облысында жанжалдасқан тұрғындар қару қолданды - біреуі мерт болды
Жаңалықтар
0