Оқиға

Алматы облысында жанжалдасқан тұрғындар қару қолданды - біреуі мерт болды

CC0 / / Қару ұстаған ер адам
Қару ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Алматы облысына қарасты Талғар ауданында жергілікті тұрғындар арасында қарулы қақтығыс болып, бір адам көз жұмды.
Оқиға 18 шілдеде Талғар ауданында болған. Жанжалдасқан сегіз ауыл тұрғыны жиналды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Суық және атыс қаруы қолданылған.
Салдарынан екі ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 1988 жылы туған ер адам пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Оқ тиген 1989 жылғы тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр.
Желіде жарияланған ақпарат авторы екі ер адамның арасында бұрыннан бері келіспеушілік болғанын жазған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, ұсталды. Негізгі күдіктілер қамауға алынды.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі ("абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру іс-әрекеттері") және ҚК 293-бабының 3-бөлігі ("атыс қаруын, газды қаруды, пышақты, кастеттi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер") бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.
Қару, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2022
Солтүстік Қазақстанда ер адам жанжал кезінде әйелін, кейін өзін атып өлтірді
Жаңалықтар
0