https://sputnik.kz/20220630/soltustik-qazaqstan-zhanzhal-25868748.html
Солтүстік Қазақстанда ер адам жанжал кезінде әйелін, кейін өзін атып өлтірді
Солтүстік Қазақстанда ер адам жанжал кезінде әйелін, кейін өзін атып өлтірді
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 30 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ер адам жанжал кезінде әйелін атып тастап, кейін өзіне қол салған, деп хабарлады облыстық... 30.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-30T19:59+0500
2022-06-30T19:59+0500
2022-06-30T19:59+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/14/17391569_0:118:3303:1976_1920x0_80_0_0_a67738450d893ec5af743be585ccf744.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 30 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ер адам жанжал кезінде әйелін атып тастап, кейін өзіне қол салған, деп хабарлады облыстық прокуратура.Трагедия Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында 27 маусым күні таңғы сағат 5-те болған. Оқиға туралы полицияға сол кезде үйде болған марқұмдардың балалары хабарлаған.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жетім қалған кәмелетке толмаған үш бала Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.Оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі бойынша 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін ауыр жаралап, өзін атып тастаған. Дегенмен соңғы қорытынды тергеу нәтижесі бойынша шығарылады.Қажетті сот-медициналық сараптамалар кешені тағайындалды. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында болады.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/14/17391569_318:0:3047:2047_1920x0_80_0_0_72c8d6a37c6978d36f4f53a1e872698f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда ер адам жанжал кезінде әйелін, кейін өзін атып өлтірді
ПЕТРОПАВЛ, 30 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ер адам жанжал кезінде әйелін атып тастап, кейін өзіне қол салған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Трагедия Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында 27 маусым күні таңғы сағат 5-те болған. Оқиға туралы полицияға сол кезде үйде болған марқұмдардың балалары хабарлаған.
"Жедел тергеу тобы үйден зорлық-зомбылық белгілері бар 33 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оқиға орнынан аңшы қаруы тәркіленді", - деп хабарлады прокуратура.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жетім қалған кәмелетке толмаған үш бала Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі бойынша 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін ауыр жаралап, өзін атып тастаған. Дегенмен соңғы қорытынды тергеу нәтижесі бойынша шығарылады.
Қажетті сот-медициналық сараптамалар кешені тағайындалды. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында болады.