https://sputnik.kz/20220718/olimp-basshylarynan-5-zher-uchaskesi-4-ushaq-pen-15-avtokolik-tarkilendi-26182401.html
"Олимп" басшыларынан 5 жер учаскесі, 4 ұшақ пен 15 автокөлік тәркіленді
"Олимп" басшыларынан 5 жер учаскесі, 4 ұшақ пен 15 автокөлік тәркіленді
Sputnik Қазақстан
"Олимп" букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша Ұлттық банке 5,5 млн доллардан астам ақша аударылады 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T09:53+0500
2022-07-18T09:53+0500
2022-07-18T09:56+0500
экономика
букмекерлік кеңсе
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. "Олимп" букмекерлік кеңсесінің ісіне қатысты жаңа мәліметтер шықты.Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қазір "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 млн АҚШ доллары мен 200 мың еуроны Ұлттық банкке аудару процедурасы жүріп жатқанын мәлімдеді."Бұдан бөлек, Қапшағай қалалық сотының 95 млрд теңге шығын келтірген осы букмекерлік кеңсенің басшысы С. есімді азаматты қоныс-колонияға ауыстыру туралы 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысының күшін жою туралы жеке қолдаухат енгізілді", - деп мәлімдеді комиссия.Осы іс бойынша мемлекет пайдасына 3,6 млрд теңге тәркіленді. Атап айтқанда, 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматы қаласында 30 жылжымайтын мүлік (тұрғын үй және тұрғын үй емес нысандар)."Олимп" ісі2019 жылы желтоқсан айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстанда "Олимп" букмекерлік кеңсесі желісінің қызметі уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.Тергеу мәліметіне сүйенсек, компания Қазақстан заңнамасын бұзған және интернет-ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз қызметпен айналысқан. Ал түскен табыстан салық төлемеген.Кейінірек "Олимп" лицензияны жарты жылға тоқтата тұру туралы сот шешіміне шағым түсіруге ниетті екенін хабарлады.2019 жылғы 18 желтоқсанда Алматы прокуратурасы "Олимп" букмекерлік кеңсесін мемлекетке 145 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Шешім қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген салық тексерісі нәтижесі бойынша қабылданды."Олимп" букмекерлік кеңсесінің қызметін тексеру жарты жылға созылды. 2020 жылдың басында букмекерлік кеңсе ставка қабылдауды тоқтатты.Кейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланды.Басшыларға букмекерлік қызмет атын жамылып, заңсыз ойын бизнесімен айналысты, ақшаны сыртқа шығарды және салықтан жалтарды деген айып тағылды.Артынша OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің бухгалтері Черногориядан экстрадицияланды.
https://sputnik.kz/20210628/Olimp-sot-ukimi-17463307.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
букмекерлік кеңсе
"Олимп" басшыларынан 5 жер учаскесі, 4 ұшақ пен 15 автокөлік тәркіленді
09:53 18.07.2022 (жаңартылды: 09:56 18.07.2022) "Олимп" букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша Ұлттық банке 5,5 млн доллардан астам ақша аударылады
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. "Олимп" букмекерлік кеңсесінің ісіне қатысты жаңа мәліметтер шықты.
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қазір "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 млн АҚШ доллары мен 200 мың еуроны Ұлттық банкке аудару процедурасы жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Бұдан бөлек, Қапшағай қалалық сотының 95 млрд теңге шығын келтірген осы букмекерлік кеңсенің басшысы С. есімді азаматты қоныс-колонияға ауыстыру туралы 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысының күшін жою туралы жеке қолдаухат енгізілді", - деп мәлімдеді комиссия.
Осы іс бойынша мемлекет пайдасына 3,6 млрд теңге тәркіленді. Атап айтқанда, 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматы қаласында 30 жылжымайтын мүлік (тұрғын үй және тұрғын үй емес нысандар).
2019 жылы желтоқсан айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстанда "Олимп" букмекерлік кеңсесі желісінің қызметі уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, компания Қазақстан заңнамасын бұзған және интернет-ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз қызметпен айналысқан. Ал түскен табыстан салық төлемеген.
Кейінірек "Олимп" лицензияны жарты жылға тоқтата тұру туралы сот шешіміне шағым түсіруге ниетті екенін хабарлады.
2019 жылғы 18 желтоқсанда Алматы прокуратурасы "Олимп" букмекерлік кеңсесін мемлекетке 145 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Шешім қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген салық тексерісі нәтижесі бойынша қабылданды.
"Олимп" букмекерлік кеңсесінің қызметін тексеру жарты жылға созылды. 2020 жылдың басында букмекерлік кеңсе ставка қабылдауды тоқтатты.
Кейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланды.
Басшыларға букмекерлік қызмет атын жамылып, заңсыз ойын бизнесімен айналысты, ақшаны сыртқа шығарды және салықтан жалтарды деген айып тағылды.
Артынша OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің бухгалтері Черногориядан экстрадицияланды.