Қоғам

"Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс: сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Букмекерлік контора қызметкерлері 5-8,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Алматы қаласының Алмалы аудандық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім шығарды. Оның қызметкерлері 5-8,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сотта 11 адам жауап берді, тағы 9 адам іздеуге жарияланған болатын. Оларға барлығы бірнеше қылмыс бойынша айып тағылды. Соның ішінде  ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болу, заңсыз ойын бизнес ұйымдастыру, салықтан жалтару, қылмыстық жолмен тапқан ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру сияқты әрекеттер бар.

Оқи отырыңыз: OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің миллиардтаған қаржысы тәркіленді

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушылар және іздеуде жүрген адамдардың (9 адам) экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарған. Сотталушылар қылмыстық топқа 2014 жылдың қаңтарынан бастап тартылды. Содан бастап әрқайсысы өзіне тапсырылған рөлді атқарды. Атап айтқанда:

  • компания серверлерінің Қазақстаннан тыс жерлерге өзгерту, электрондық казиноны "Олимп" БК сайтымен біріктіру;
  • алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру, оларды шетел валютасына айырбастау;
  • ҚР-нан тыс жерлерге экспорттау үшін курьерлерге аудару, сондай-ақ оларды заңдастыру.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд. теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

"Сот отырыстары кезінде қылмыстық топтың бар екенін білмегенін айтып, өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді деген қорытындыға келді. Оларға 5- тен 8,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Сотталғандар бұл жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады", - делінген үкімде.

Бұдан бөлек, сотталғандардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекет пайдасына 95 миллиард теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0