Павлодар облысында аусыл ауруы тіркелген жоқ - ветеринария басқармасы

© Пресс-служба акима Туркестанской областиТелята
Телята - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желілерде облыстың шаруа қожалықтарындағы жануарлардың суреті мен видеолары тарады, олар дертке шалдыққаны айтылған еді
ПАВЛОДАР, 14 шілде – Sputnik. Павлодар облысында аусыл ауруы тіркелмеді, деп хабарлады өңірдің ветеринария басқармасы.
"Павлодар облысының ветеринария басқармасы күн сайын облыстың қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы жануарларының ауруы мен өлімі бойынша мониторинг жүргізеді. Облыстық ветеринарлық станция бөлімдерінің ақпаратына сәйкес, аусыл анықталды деген ақпарат расталмаған", - делінген ветеринарлық ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде облыстың шаруа қожалықтарындағы ауру жануарлардың суреті мен видеолары тарады. Кейбір аймақтық БАҚ бұл аусыл ауруы болуы мүмкін деп болжады.
Басқарма хабарлауынша, қазіргі уақытта ветеринарлық қызмет жануарлардың өлімін анықтау үшін аулаларды аралап, шаруа қожалықтары мен мал жайылым учаскелерін тексеріп жатыр.
Аусыл - үй және жабайы жануарлардың вирустық ауруы, жіті инфекция, безек және ауыздың шырышты қабығында, желінде және тұяқтардың терісінде күлдіреу пайда болады. Адамдар аусылмен ауруы мүмкін, бірақ инфекция адамнан адамға жұқпайды.
Коровы на ферме, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Өңірлер
Қарағанды облысында аусыл жұқтырған мал өртеліп жатыр – видео
Жаңалықтар
0