Өңірлер

Қарағанды облысында аусыл жұқтырған мал өртеліп жатыр – видео

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКоровы на ферме, иллюстративное фото
Коровы на ферме, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Ауру ошағынан мал және мал өнімдерін, жем-шөп, құрал-жабдықтар тасымалдауға қатаң тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының Шет ауданында аусыл дертіне шалдыққан малдар өртеліп жатыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Індет Киікті ауылдық округіндегі шаруашылықтан анықталған. Елді мекенде карантин жарияланған болатын.
Ауру жұқтырған 25 мал өртелді. Дерт ошағына блок бекет қойылды. 
Жергілікті полиция мен ветеринариялық қызмет мамандары тәулік бойы күзетте тұр. Арнайы құрылған жедел штаб зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ауру ошағынан мал және мал өнімдерін, жем-шөп, құрал-жабдықтар тасымалдауға қатаң тыйым салынды. 
Айта кетейік, бірер ай бұрын да тұрғындар Шет ауданында жаппай мал ауруы шыққанын айтып дабыл қаққан еді. Ветеринарлар сол кезде сегіз жүздей ірі қарадан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит белгілерін анықтаған. 
"Ал бұл жолғы дерт мүлде басқа",- дейді мамандар.
Айтуынша, аусыл өте жұқпалы,  малдың ауызының шырышты қабығында, желін мен аяқ терісінде күлдіреуік пайда болады. Ірі қараны тез әлсірететін көрінеді.
"Республикалық қордан ветеринариялық препараттар бөлініп, дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ошақтағы ауру және ауру малдармен жанасқан ірі қара малдары өртеу жолымен жойылып жатыр. Мал иесіне нарықтық баға бойынша компенсация төленеді", - деді аумақтық инспекция жетекшісінің міндетін атқарушы Данияр Мерғазин.
Оның айтуынша, ауру малдың еті базарға түскен жоқ. Оған жол берілмейді.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы фермада аусыл індеті анықталды
 
Жаңалықтар
0