https://sputnik.kz/20220117/karagandy-oblysy-ferma-ausyl-19156741.html
Қарағанды облысындағы фермада аусыл індеті анықталды
Қарағанды облысындағы фермада аусыл індеті анықталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі күні ошақтағы инфекцияны жою үшін республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелердің күштері тартылды 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T08:24+0500
2022-01-17T08:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
қарағанды облысы
індет
мал
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17835707_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_006263d5f6942aff11f4cca37ccc2152.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданында аусыл індетінің ошағы анықталды, деп хабарлады ауылшаруашылық министрлігі.Індет Киікті ауылдық округінің Талдыбұлақ қыстағындағы "Мұрат" шаруа қожалығында ірі қара мал арасында тарады.14 қаңтарда фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды.Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Асқар Жақыпбаевтың шешімі бойынша дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қордан "Глюзамин ВЕТ" құралы бөлінді.Індет ошағындағы мал қан шығарылмай жойылып, кейін ауру және олармен қатынаста болған жануарлар өртеледі.Қазіргі күні ошақтағы инфекцияны жою үшін республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелердің күштері тартылды."Ауруды оқшаулау үшін 6 арнайы техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, карантин соңғы ауру жануар жойылған күннен 21 күн өткен соң және ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілгеннен кейін қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес алынып тасталады", - деді министрліктегілер.Аусыл - үй және жабайы жануарлардың вирустық ауруы, жіті инфекциямен, безгекпен және ауыздың шырышты қабығында, желінде және тұяқтардың терісінде күлдіреулердің пайда болуымен сипатталады.Адамдар аусылмен ауыруы мүмкін, бірақ инфекция адамнан адамға жұқпайды.Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жұқпалы ауру таралып жатыр
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17835707_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_c8b388f0dbcfe9ba7c6c3654e24f5300.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, індет, мал
қарағанды облысы, індет, мал
Қарағанды облысындағы фермада аусыл індеті анықталды
08:24 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазіргі күні ошақтағы инфекцияны жою үшін республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелердің күштері тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданында аусыл індетінің ошағы анықталды, деп хабарлады ауылшаруашылық министрлігі.
Індет Киікті ауылдық округінің Талдыбұлақ қыстағындағы "Мұрат" шаруа қожалығында ірі қара мал арасында тарады.
14 қаңтарда фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды.
Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Асқар Жақыпбаевтың шешімі бойынша дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қордан "Глюзамин ВЕТ" құралы бөлінді.
Індет ошағындағы мал қан шығарылмай жойылып, кейін ауру және олармен қатынаста болған жануарлар өртеледі.
"Жануарлардың өлекселерін өртеу арнайы жабдықталған инсинератор жылжымалы автокөлігінде жүргізіледі. Мал үшін өтемақы заңнамада белгіленген тәртіппен төленеді", - делінген хабарламада.
Қазіргі күні ошақтағы инфекцияны жою үшін республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелердің күштері тартылды.
"Ауруды оқшаулау үшін 6 арнайы техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, карантин соңғы ауру жануар жойылған күннен 21 күн өткен соң және ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілгеннен кейін қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес алынып тасталады", - деді министрліктегілер.
Аусыл - үй және жабайы жануарлардың вирустық ауруы, жіті инфекциямен, безгекпен және ауыздың шырышты қабығында, желінде және тұяқтардың терісінде күлдіреулердің пайда болуымен сипатталады.
Адамдар аусылмен ауыруы мүмкін, бірақ инфекция адамнан адамға жұқпайды.