https://sputnik.kz/20220714/iim-prezident-kriminogendik-zhagday-26135248.html
ІІМ басшысы президентке елдегі криминогендік жағдай туралы баяндады
ІІМ басшысы президентке елдегі криминогендік жағдай туралы баяндады
Sputnik Қазақстан
Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T17:23+0500
2022-07-14T17:23+0500
2023-08-09T10:05+0500
қоғам
президент
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/308/00/3080076_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_6b24195df81189b32c43086cea13e2e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Министр президентке еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берді.Ахметжанов қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Айтуынша, қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген.Министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 81,7 пайызы электрондық форматта тергеледі.Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданды.Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Сонымен қатар сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр.Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында жыл басынан бері 1354 қылмыс анықталды. "Қара нарықтағы" құны шамамен 4,5 миллиард теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленді.Министр мемлекет басшысына Қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы мәлімдеді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
https://sputnik.kz/20220629/qantar-uqk-azaptady-25828064.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/308/00/3080076_99:0:1539:1080_1920x0_80_0_0_891a52e84b790981cd8919a3f90472fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ішкі істер министрлігі
президент, ішкі істер министрлігі
ІІМ басшысы президентке елдегі криминогендік жағдай туралы баяндады
17:23 14.07.2022 (жаңартылды: 10:05 09.08.2023) Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Министр президентке еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
Ахметжанов қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Айтуынша, қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген.
Министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда. Бүгінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 81,7 пайызы электрондық форматта тергеледі.
Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданды.
Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында жыл басынан бері 1354 қылмыс анықталды. "Қара нарықтағы" құны шамамен 4,5 миллиард теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленді.
Министр мемлекет басшысына Қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы мәлімдеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.