Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтарда ҰҚК мен ІІМ-нің 15 қызметкері ұсталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Василий Голышкин Қаңтардағы митинг
Қаңтардағы митинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы алты адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 15 қызметкер күдікке ілінді. Қазір соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Бұл туралы бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шындалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы алты адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды.
"Қазіргі таңда азаптау бойынша 15 адам күдікті деп танылды. Соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Олардың сегізі – ұлттық қауіпсіздік комитетінен, біреуі полициядан", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады
Жаңалықтар
0