https://sputnik.kz/20220620/utik-azaptau-politsey-25647731.html
"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады
"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады
Sputnik Қазақстан
Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T15:10+0500
2022-06-20T15:10+0500
2022-06-20T15:10+0500
полицей
азаптау
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды. "Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды. "Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істертерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған", - деп атап көрсетті Шалабаев.
https://sputnik.kz/20220222/ombudsmen-ustalgandar-azaptau-22997381.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, азаптау
"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады
Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды.
Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды.
"Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды.
"Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істертерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған", - деп атап көрсетті Шалабаев.