https://sputnik.kz/20220713/qazfosfat-okilderi-zauyt-zhabylady-26107379.html
"Қазфосфат" өкілдері зауыт жабылады дегенді жоққа шығарды
"Қазфосфат" өкілдері зауыт жабылады дегенді жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T18:18+0500
2022-07-13T18:18+0500
2022-07-13T18:18+0500
өңірлер
зауыт
тараз
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19103641_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b83f3f67b090dc31f1a9095cf7eb65cb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. 11 шілдеде зиянды заттар тарап кеткен "Қазфосфат" зауытында қазір тексеру жүріп жатыр. Бұл ретте "Қазфосфат" зауытындағылар кәсіпорын жабылуы мүмкін деген БАҚ-та жарияланған ақпарат жалған екенін мәлімдеді. "Қазфосфат" АҚ мәліметінше, зиянды зат тарағаннан кейін бірден атмосфералық ауаның сынамасы алынып, талдау нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы зат шекті нормадан аспағаны анықталған. Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Серік Нұрбаев "Астана ТВ" телеарнасына берген сұхбатында зауыт жұмысының тоқтап қалуы мүмкін екенін айтқан болатын."Санитарлық қорғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттары нормадан асып кеткені анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз", - деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев. Еске салсақ, Тараз тұрғындары дүйсенбі, 11 шілде кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты. Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған.
https://sputnik.kz/20220712/tarazdy-tuman-basty-video-26066825.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19103641_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_100316bb92743253bbfd3d817f5d49a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, тараз
"Қазфосфат" өкілдері зауыт жабылады дегенді жоққа шығарды
Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. 11 шілдеде зиянды заттар тарап кеткен "Қазфосфат" зауытында қазір тексеру жүріп жатыр.
"Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша ескертулер әзірленеді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұл ретте "Қазфосфат" зауытындағылар кәсіпорын жабылуы мүмкін деген БАҚ-та жарияланған ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
"Қазфосфат" АҚ мәліметінше, зиянды зат тарағаннан кейін бірден атмосфералық ауаның сынамасы алынып, талдау нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы зат шекті нормадан аспағаны анықталған.
Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Серік Нұрбаев "Астана ТВ" телеарнасына берген сұхбатында зауыт жұмысының тоқтап қалуы мүмкін екенін айтқан болатын.
"Санитарлық қорғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттары нормадан асып кеткені анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз", - деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев.
Еске салсақ, Тараз тұрғындары дүйсенбі, 11 шілде кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты. Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған.