https://sputnik.kz/20220712/tarazdy-tuman-basty-video-26066825.html
Таразды түтін басты - видео
Таразды түтін басты - видео
Sputnik Қазақстан
Жұмыс тобы құрылды, оны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары басқарады 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T07:41+0500
2022-07-12T07:41+0500
2022-07-12T07:41+0500
өңірлер
тараз
тұман
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19103641_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b83f3f67b090dc31f1a9095cf7eb65cb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Тараз тұрғындары дүйсенбі күні кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлағандай, сараптама нәтижесінде "шаң, азот диоксиді және күкірт сутегіден ластанудың жоғары деңгейі" анықталды. Тараз әкімдігінде бұл жағдайға зауыт "жауапты" екенін алға тартты. Бірақ басқа химиялық заттар бойынша да нормалар артқан."Сағат 20.00-де "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік шығарылым болды. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша фторлы қосылыстар көрсеткіші біршама артқан. Зауытпен қаланың санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған жоқ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады", - деді әкімдікте.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19103641_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_100316bb92743253bbfd3d817f5d49a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, тұман
Таразды түтін басты - видео
Жұмыс тобы құрылды, оны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары басқарады
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Тараз тұрғындары дүйсенбі күні кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлағандай, сараптама нәтижесінде "шаң, азот диоксиді және күкірт сутегіден ластанудың жоғары деңгейі" анықталды.
Тараз әкімдігінде бұл жағдайға зауыт "жауапты" екенін алға тартты. Бірақ басқа химиялық заттар бойынша да нормалар артқан.
"Сағат 20.00-де "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік шығарылым болды. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша фторлы қосылыстар көрсеткіші біршама артқан. Зауытпен қаланың санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған жоқ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады", - деді әкімдікте.