Спорт

Рыбакина елге оралды - чемпионды әуежайда қымыз және бауырсақпен қарсы алды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONЕлена Рыбакина в 23 года стала самой молодой победительницей Уимблдона, 2022 год
Елена Рыбакина в 23 года стала самой молодой победительницей Уимблдона, 2022 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
13 шілдеде теннисші Алматыға барады
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды.
Астаналық әуежайда қазақстандық теннисшіні туыстары мен достары, шенеуніктер мен журналистер, сондай-ақ жанкүйерлер қарсы алды. Спортшы арнайы дайындалған қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
Бүгін Рыбакина президентпен кездесіп, баспасөз мәслихаты мен жас ойыншыларға арналған шеберлік сағатын өткізеді.
Ал ертең 13 шілдеде теннисші Алматыға барады. ️
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдонның жеңімпазы Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы 23 жасында Уимблдонда жеңіске жетіп, турнирдің 2011 жылдан бергі ең жас чемпионы атанды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Елена Рыбакина салық төлемейді және Қазақстан бюджетінен сыйақы алмайды
Жаңалықтар
0