Оқиға

Атырауда тұрғын үй кешені толықтай өртеніп кетті

© Photo : ДЧС Акмолинской областиӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
Өрт кезінде 21 адам өздері далаға шықты, оның ішінде 13 бала
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Атырауда тұрғын үй кешені толықтай өртеніп кетті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс орталығындағы "Гаухартас" тұрғын үй кешенінде ірі өрт болған.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жетті. Олар жалпы ауданы 1200 шаршы метр екі қабатты үйдің шатыры мен екінші қабаты толығымен өртеніп жатқанын анықтады.
Өртті сөндіруге 97 адам мен 25 техника жұмылдырылды.
Куәгерлердің айтуынша, пәтерлердің бірінде ұзартқыш электр құрылғыда қысқа тұйықталу болып, тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген.
Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2022
Атырауда екі адам тірідей көміліп қалды
Жаңалықтар
0