https://sputnik.kz/20220619/atyrauda-eki-adam-tiridey-komilip-qaldy-25629148.html
Атырауда екі адам тірідей көміліп қалды
Атырауда екі адам тірідей көміліп қалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Атырау қаласында жер қазу жұмыстары кезінде екі ер адам топырақтың астында қалды, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп... 19.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-19T16:17+0500
2022-06-19T16:17+0500
2022-06-19T16:17+0500
топырақ
атырау
трагедия
https://sputnik.kz/img/978/09/9780916_0:0:3075:1731_1920x0_80_0_0_dda4b83dafe8063a92c0f903537711c2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Атырау қаласында жер қазу жұмыстары кезінде екі ер адам топырақтың астында қалды, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаменті.Ресми мәліметке сәйкес, 18 маусымда Жұлдыз-1 шағын ауданында жекеменшік үйдің ауласында жер қазу жұмыстары жүргізілген. Кешкі сағат 19:00-дің кезінде экскаватор тереңдігі 1,5 метр болатын траншея жасаған. Сол кезде үй иесінің 22 жастағы ұлы және 34 жастағы тағы бір туысқаны шұңқырға түсіп, жұмыс істеген. Кенеттен олардың үстіне топырақ құлап, екеуі де көміліп қалған.Оқиға орнына барған құтқарушылар арнайы техникамен екі ер адамның мәйітін алып шықты. Үйге психолог шақырылды. Ал полиция тергеу шараларын бастады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/978/09/9780916_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_1bb729fe1200053b4804c560d9c7e855.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
топырақ, атырау, трагедия
топырақ, атырау, трагедия
Атырауда екі адам тірідей көміліп қалды
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Атырау қаласында жер қазу жұмыстары кезінде екі ер адам топырақтың астында қалды, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, 18 маусымда Жұлдыз-1 шағын ауданында жекеменшік үйдің ауласында жер қазу жұмыстары жүргізілген. Кешкі сағат 19:00-дің кезінде экскаватор тереңдігі 1,5 метр болатын траншея жасаған. Сол кезде үй иесінің 22 жастағы ұлы және 34 жастағы тағы бір туысқаны шұңқырға түсіп, жұмыс істеген. Кенеттен олардың үстіне топырақ құлап, екеуі де көміліп қалған.
Оқиға орнына барған құтқарушылар арнайы техникамен екі ер адамның мәйітін алып шықты. Үйге психолог шақырылды. Ал полиция тергеу шараларын бастады.