Теннис федерациясының басшысы: Еленаны әлі талай жеңіс күтіп тұр

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONКейт Миддлтон қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісімен құттықтады.
Кейт Миддлтон қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісімен құттықтады. - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
Теннисшінің ұйқысыз өткізген түндері, көп сағаттық жаттығулары жемісін берді
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінде жеңіске жетуіне не себеп болғанын айтты.
"Мен Еленаның жетістігіне қатты қуандым! Ол жарыста өзінің жоғары деңгейін көрсете білді. Бірақ бұл ешкім күтпеген жеңіс емес", - деді Өтемұратов федерацияның баспасөз қызметіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Оның айтуынша, Елена соңғы екі апта бойы мінсіз ойын көрсеткен: "допты бар күшімен беріп, оң жақтан және сол жақтан сенімді соққы жасады, кортта үйлесімді қозғала білді".
"Ол қобалжу мен психологиялық қысымды баса білді. Ленаның көрерменмен тығыз байланыс орната білгені, ағылшын тілін жетік білуі, баспасөз конференциясындағы белсенділігі мен сұхбаты оны танымал етіп, жанкүйерлерінің артуына ықпал ететіні анық", - деп мәлімдеді федерация басшысы.
Ол Рыбакина 18 жасында карьерасын тоқтатқысы келгенін айтты.
"Біз оның дарынын бірден байқадық және ол үлкен спорттан кеткісі келген кезде оған қолдау көрсеткеніміз үшін қуаныштымыз. Біздің тарапымыздан дұрыс шешім қабылданды – Елена өзінің шынайы чемпиондық әлеуетін аша алды. Оның спорттық және жеке өмірінде біздің федерацияның көмегі тиімді болды және біз оған өзін-өзі дамытуына мүмкіндік бердік. Дәл осындай жүйелі дамудың арқасында Еленаны алда әлі талай жарқын жеңіс күтіп тұр" - деді Болат Өтемұратов.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Спорт
Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0