Спорт

Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесті

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
Тоқаевтың пікірінше, Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға ықпал етеді
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.
Еске салсақ, кеше қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
Елена 23 жаста, ол Уимблдон тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды.
Елена Рыбакина в финале Уимблдона-2022 против Онс Жабер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Спорт
Сенсация: Рыбакина Уимблдон финалында тарихи жеңіске жетті
Жаңалықтар
0