Құрбан айттың бірінші күнінде 47 мыңға жуық отбасыға ет берілді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Құрбан айттың бірінші күні 47 мыңға жуық мұқтаж отбасыға ет берілді, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Басқарма желісінде барлығы 14,5 мың бас мал сойылды, оның 2600-і qurban2022.kz сайты арқылы орындалды. Бір күнде елімізде 46 807 отбасыға зекет берілді.
Еске салсақ, онлайн форматта құрбандық шалудың үшінші күні ертең (11 шілде) сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Оның көмегімен құрбандық малын сатып алу ақысын төлеп, рәсімді қашықтан жасай аласыз.
Наурызбай қажы Тағанұлы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Қоғам
Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт құрметіне мал бағасын көтермеуге шақырды
Жаңалықтар
0