Қоғам

Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт құрметіне мал бағасын көтермеуге шақырды

Наурызбай қажы Тағанұлы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Жазылу
Сондай-ақ күнделікті тұтынатын азық-түлікке де жеңілдік жасауға үндеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Осы орайда ол кәсіпкерлерді мал бағасын қолдан көтермей, халықтың жағдайын ескеруге шақырды.
Бас мүфти үлкеннің, жалпы көмекке мұқтаж жандардың алғысын алып, батасына бөлену – айт кезінде орындалатын сауапты істің бірі екенін атап өтті.
"Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматты Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұрт күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екенін естен шығармаған абзал. Алланың рақым нұры төгілетін айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік, деп жалғастырды Бас мүфти.
ҚМДБ төрағасы жамағатқа шалған құрбандықтары мен берген садақаларының, айт күндері амалға асырған Аллаға ұнамды әрбір игі істерінің қабыл болуын тіледі.
Биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 9-11 шілде аралығында тойланады.
Жаңалықтар
0