https://sputnik.kz/20220710/elordada-muqtazh-otbasylarga-et-taratyldy-26033810.html
Елордада мұқтаж отбасыларға ет таратылды
Елордада мұқтаж отбасыларға ет таратылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Құрбан айттың бірінші күні елордалық еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға ет таратты, деп хабарлайды қала... 10.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-10T10:41+0500
2022-07-10T10:41+0500
2022-07-10T10:41+0500
елорда тынысы
ет
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_0:108:2049:1260_1920x0_80_0_0_e6b741299b7dd4549624fc48d4940af0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Құрбан айттың бірінші күні елордалық еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға ет таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Құрбан айт мерекесіне орай елорданың белсенді жастары, қала тұрғындары, әкімдік өкілдері үш күн бойы мұқтаж жандарға ет таратады.Шараның басты мақсаты – қасиетті мерекеде мұсылмандық парызды орындау, мұқтаж жандарға көмектесу. Аталған игі істің басы-қасында жүрген жандардың бірі – волонтер Дамир Айтымов."Құрбан айт мерекесіне орайластырылып өткізіп жатқан бұл іс-шараның сауабы мол. Құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға таратып беріп жатырмыз. Көңіл-күйіміз керемет. Осында игі іске атсалысқаныма қуаныштымын", - дейді ерікті Дамир Айтымов.Айта кетері, елордалық еріктілер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ құрбандықты QURBAN2022.kz сайты арқылы онлайн шалуға болады. Мал сою үшін елордада 7 орын белгіленген.Құрбан айт күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы 109 Call-center жұмыс істейді.Биыл Құрбан айт 9-11 шілде аралығында тойланады.
https://sputnik.kz/20220709/nur-sultan-qurban-ayt-merekesi-foto-26026532.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_112:0:1935:1367_1920x0_80_0_0_9f63fb06e11d7bd66d86ec385489afc4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет
Елордада мұқтаж отбасыларға ет таратылды
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Құрбан айттың бірінші күні елордалық еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға ет таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Құрбан айт мерекесіне орай елорданың белсенді жастары, қала тұрғындары, әкімдік өкілдері үш күн бойы мұқтаж жандарға ет таратады.
"Бүгінгі іс-шараға еріктілер мен автоволонтерлер қатысып жатыр. Олардың жалпы саны 500-ден асады. Бұл іс-шара әкімдіктің қолдауымен соңғы бес жылда тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді", – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.
Шараның басты мақсаты – қасиетті мерекеде мұсылмандық парызды орындау, мұқтаж жандарға көмектесу. Аталған игі істің басы-қасында жүрген жандардың бірі – волонтер Дамир Айтымов.
"Құрбан айт мерекесіне орайластырылып өткізіп жатқан бұл іс-шараның сауабы мол. Құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға таратып беріп жатырмыз. Көңіл-күйіміз керемет. Осында игі іске атсалысқаныма қуаныштымын", - дейді ерікті Дамир Айтымов.
Айта кетері, елордалық еріктілер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.
Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ құрбандықты
QURBAN2022.kz сайты арқылы онлайн шалуға болады. Мал сою үшін елордада 7 орын белгіленген.
Құрбан айт күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы 109 Call-center жұмыс істейді.
Биыл Құрбан айт 9-11 шілде аралығында тойланады.