Мейірімділік мейрамы: Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесін қалай атап өтіп жатыр – фото
Мейірімділік мейрамы: Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесін қалай атап өтіп жатыр – фото
Sputnik Қазақстан
Бүгін, 9 шілдеде Қазақстан мұсылмандары қасиетті мейрам – Құрбан айтты атап өтеді. Sputnik Қазақстан тілшісі елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болып, таңғы... 09.07.2022, Sputnik Қазақстан
Бүгін, 9 шілдеде Қазақстан мұсылмандары қасиетті мейрам – Құрбан айтты атап өтеді. Sputnik Қазақстан тілшісі елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болып, таңғы намазға қатысты. Мерекелік дұға қалай өткенін суреттер топтамасынан көріңіздер
Айттың дәл бірінші күні мұсылмандар бірін-бірі құттықтап, мерекелік дастарханнан дәм татуға шақырады.
11/12
Қазақстандық мұсылмандар бір-бірін "Құрбан айт қабыл болсын!" деп құттықтап, игі тілектерімен бөліседі. Бұл құттықтауға әдетте "Бірге болсын!" деп жауап береді.
Мереке күндері мұсылмандар қатаң тәртіпті ұстанады: бұл күні лас киіммен жүруге, сараңдық танытуға, ұрысып-керісуге және тағы басқа теріс әдеттер жасауға болмайды.