https://sputnik.kz/20220708/toqaev-zhaponiya-premer-ministrine-konil-aytty-26020662.html
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады БОРТ 1... 08.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-08T19:32+0500
2022-07-08T19:32+0500
2022-07-08T19:32+0500
көңіл айту
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады."Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі.Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.Президент Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандасына қайғыра көңіл айтты.
https://sputnik.kz/20220708/zhaponiya-eks-premer-qastandyq-26010985.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көңіл айту, қасым-жомарт тоқаев
көңіл айту, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады БОРТ 1 Telegram каналы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
"Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі.
Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.
Президент Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандасына қайғыра көңіл айтты.