Жапонияның экс-премьеріне қастандық жасалды: Абэ ауруханада көз жұмды – ТВ

© Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуЖапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қастандық жасалғаннан кейін ауруханада көз жұмды.
NHK телеарнасының хабарлауынша, саясаткер Нара медициналық университетінің ауруханасында жан тапсырған. Ол 67 жаста еді.
Синдзо Абэ Жапонияның Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30 шамасында далада сөз сөйлеп тұрған кезде оққа ұшты. 41 жастағы Тэцуя Ямагами саясаткердің артында тұрып шамамен 10 метр қашықтықтан екі рет оқ атқан. Ол мойны мен кеуде тұсына тиген. Екінші оқтан кейін Абэ жерге құлаған.
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Тоқаев Жапонияның экс-премьеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0