Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын басым бағытқа айналдыруды тапсырды

Каспий, кеме
Каспий, кеме - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте "ҚазМұнайГазға" мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Президент теңіз арқылы тасымалдау ісін дамытуға ерекше назар аударды.
"Қазақстан теңіз арқылы тасымалдау әлеуетін толық пайдаланған емес. Қазір заман басқа. Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды тағы бір маңызды міндет ретінде атап өтті.
"Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. "ҚазМұнайГазға" оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет", – деді президент.
Үкіметтегі жедел кеңес  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Экономика
Каспий құбыр консорциумының қызметі тоқтап қалды: үкімет жедел кеңес өткізді
Жаңалықтар
0