https://sputnik.kz/20220706/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-ukimet-zhedel-kenes-25970233.html
Каспий құбыр консорциумының қызметі тоқтап қалды: үкімет жедел кеңес өткізді
Каспий құбыр консорциумының қызметі тоқтап қалды: үкімет жедел кеңес өткізді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін, 6 шілде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты... 06.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-06T13:13+0500
2022-07-06T13:13+0500
2022-07-06T13:15+0500
экономика
каспий
құбыр
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/07/06/25970335_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8ad28e0ecea8b40adbcfe10dd93bd4c1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін, 6 шілде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.Талқылау қорытындысы бойынша үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.Еске салсақ, Новороссийскінің Приморский аудандық соты Ространснадзор анықтаған заңбұзушылықтарды жою үшін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қызметін 30 күнге тоқтатқан болатын.Ространснадзордың Оңтүстік УГРН-ы Приморский аудандық сотына консорциум қызметін 90 күнге тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген. Сот Ространснадзордың талаптарын ішінара қанағаттандырды. "КҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түрінде жаза тағайындалды.Каспий құбыр консорциумы "сот шешімін орындауға мәжбүр", алайда оның үстінен шағым түсіруге ниетті. Консорциумның баспасөз қызметі уақытша тоқтату мерзіміне қатысты түсініктеме беруден бас тартты.КҚК – қазақстандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт, оған құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-тен астамы тиесілі. Құбыр желісінің қуаттылығы – жылына 67 млн тонна мұнай.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/06/25970335_23:0:983:720_1920x0_80_0_0_b077958bf61fec0c82321173a82d9957.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, құбыр, үкімет
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін, 6 шілде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.
"Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспортының шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды", - делінген хабарламада.
Талқылау қорытындысы бойынша үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.
Еске салсақ, Новороссийскінің Приморский аудандық соты Ространснадзор анықтаған заңбұзушылықтарды жою үшін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қызметін 30 күнге тоқтатқан болатын.
Ространснадзордың Оңтүстік УГРН-ы Приморский аудандық сотына консорциум қызметін 90 күнге тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген. Сот Ространснадзордың талаптарын ішінара қанағаттандырды. "КҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түрінде жаза тағайындалды.
Каспий құбыр консорциумы "сот шешімін орындауға мәжбүр", алайда оның үстінен шағым түсіруге ниетті. Консорциумның баспасөз қызметі уақытша тоқтату мерзіміне қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
КҚК – қазақстандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт, оған құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-тен астамы тиесілі. Құбыр желісінің қуаттылығы – жылына 67 млн тонна мұнай.