https://sputnik.kz/20220706/qazaqstandyqtar-astana-kunin-atap-otip-zhatyr-25963890.html
Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр
Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Осыдан жиырма төрт жыл бұрын Қазақстан әлемге жаңа астанасын таныстырды 06.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-06T08:00+0500
2022-07-06T08:00+0500
2023-08-10T10:31+0500
елорда тынысы
астана күні
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25888906_0:180:2999:1867_1920x0_80_0_0_109be7b55ba9f0cd34deb21c5871c463.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін барша қазақстандық астана күнін атап өтуде. Биыл елорда өзінің 24 жылдығын тойлап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Осылайша елдің жаңа астанасына оңтайлы қаланы анықтау үшін республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Таңдау Ақмола қаласына түсті. 1994 жылы 6 шілдеде сол кездегі Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.Айта кетері, 6 шілде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда тұңыш президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейінірек заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.Ал 2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, ел тізгінін қолға алған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының атын мәңгі сақтау үшін елорда атауын өзгертуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.Мейрам күні әдеттегідей өңірлерде мерекелік шаралар, концерттер, халықтық серуендер ұйымдастырылады. Түрлі спорттық сайыстар, фестивальдер өтеді. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын табады.Алайда осы жылы қала күніне орай Нұр-Сұлтанда отшашу болмайды. Елордада мейрам күні қандай мәдени шаралар өтетінін толығырақ мына жерден оқи аласыз.Қазақстандықтар бүгін, 6 шілде мерекеге орай демалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25888906_135:0:2864:2047_1920x0_80_0_0_aaa65a4308185621ab4004ab39de51fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана күні
Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр
08:00 06.07.2022 (жаңартылды: 10:31 10.08.2023) Осыдан жиырма төрт жыл бұрын Қазақстан әлемге жаңа астанасын таныстырды
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін барша қазақстандық астана күнін атап өтуде. Биыл елорда өзінің 24 жылдығын тойлап жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Осылайша елдің жаңа астанасына оңтайлы қаланы анықтау үшін республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Таңдау Ақмола қаласына түсті. 1994 жылы 6 шілдеде сол кездегі Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетері, 6 шілде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.
Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда тұңыш президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейінірек заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.
Ал 2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, ел тізгінін қолға алған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының атын мәңгі сақтау үшін елорда атауын өзгертуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Мейрам күні әдеттегідей өңірлерде мерекелік шаралар, концерттер, халықтық серуендер ұйымдастырылады. Түрлі спорттық сайыстар, фестивальдер өтеді. Биыл да игі дәстүр өз жалғасын табады.
Алайда осы жылы қала күніне орай Нұр-Сұлтанда отшашу болмайды. Елордада мейрам күні қандай мәдени шаралар өтетінін толығырақ
мына жерден оқи аласыз.
Қазақстандықтар бүгін, 6 шілде мерекеге орай демалады.