McDonald's Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын жандандырып жатыр

© Sputnik / Ilia Naymushin / Медиабанкке өтуMcDonald's
McDonald's - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Жазылу
Бұған дейін мейрамханалардың есігінде "мейрамхана техникалық себептерге байланысты уақытша жабылды" деген ақпарат болған
АЛМАТЫ, 5 шілде - Sputnik. McDonald's Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын біртіндеп жандандырып жатыр. Бұл туралы компания өзінің ресми парақшасында хабарлады.
"Қазіргі уақытта барлық мейрамханаларды қалпына келтіру және жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Біз әр қалада қонақтарға біртіндеп есік ашамыз", - делінген компания хабарламасында.
McDonald's компаниясы "Қазақтелеком" АҚ компаниясының фискалдық деректер операторы тарапынан техникалық ақауға байланысты мейрамханалар уақытша жабылғанын түсіндірді.
4 шілдеде "Қазақтелеком" сайтында "Қазақтелеком" порталында техникалық жұмыстар аяқталды деп жазылған.
Айта кетері, McDonald's Қазақстанда осыдан алты жыл бұрын, 2016 жылдың 8 наурызында пайда болды. Қазақстанда Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау қалаларында орналасқан 23 McDonald's мейрамханасы жұмыс істейді.
McDonald's Алматыдағы мейрамханаларын уақытша жапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі уақытша жабылды
Жаңалықтар
0