https://sputnik.kz/20220705/qazaqstan-mcdonalds-meyramkhana-25954056.html
Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі уақытша жабылды
Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі уақытша жабылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жабылды. 4 шілдеге қараған түні қазақстандықтар мейрамхана тапсырыс қабылдаудан бас... 05.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-05T13:21+0500
2022-07-05T13:21+0500
2022-07-05T13:21+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25949781_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_07121f2d4e7cf0317bae974e65745b84.jpg
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жабылды. 4 шілдеге қараған түні қазақстандықтар мейрамхана тапсырыс қабылдаудан бас тарта бастағанын хабарлады, ал бүгін ел бойынша тамақтану орындары жабылды.Sputnik Қазақстан тілшілері Алматыдағы мейрамханалар желісінің бірнеше нүктесінде болып, ақпаратты тексеріп қайтты. Мейрамханалардың есігінде "мейрамхана техникалық себептерге байланысты уақытша жабылды" деген хабарлама ілінген.Желі қолданушылары бұл жағдайды Қазақстанға "шикізат" келетін ресейлік нарықтан ресми жеткізушінің кетуімен байланыстырып жатыр. Әзірге қазақстандық McDonald's ресми түсініктеме берген жоқ.Айта кетері, McDonald's Қазақстанда осыдан алты жыл бұрын, 2016 жылғы 8 наурызда пайда болды. Қазақстанда Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау қалаларында орналасқан 23 McDonald's мейрамханасы жұмыс істейді.Қазақстандағы McDonald's-тың қожайыны Қайрат Боранбаев осы жылдың 17 наурызында қамауға алынған болатын.Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражатты ұрлау ісі бойынша қамауға алынды.Қайрат Боранбаевтың қызы Алима 2020 жылдың тамыз айында қайтыс болған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанға тұрмысқа шыққаны белгілі. Олардың Амели есімді қызы және Сұлтан есімді ұлы бар.Бұған дейін McDonald's Ресей нарығынан кетіп, орнына ресейлік "Вкусно и точка" фаст-фуд мейрамханалар желісі ашылды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25949781_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_cd1e5e1277f70ea7a51eb5d6b9d6b490.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жабылды. 4 шілдеге қараған түні қазақстандықтар мейрамхана тапсырыс қабылдаудан бас тарта бастағанын хабарлады, ал бүгін ел бойынша тамақтану орындары жабылды.
Sputnik Қазақстан тілшілері Алматыдағы мейрамханалар желісінің бірнеше нүктесінде болып, ақпаратты тексеріп қайтты. Мейрамханалардың есігінде "мейрамхана техникалық себептерге байланысты уақытша жабылды" деген хабарлама ілінген.
"Құрметті қонақтар! McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымызды қарап отырыңыздар, мейрамханалар қашан қайтадан жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген мейрамхананың ресми парақшасында жарияланған
хабарламада.
Желі қолданушылары бұл жағдайды Қазақстанға "шикізат" келетін ресейлік нарықтан ресми жеткізушінің кетуімен байланыстырып жатыр. Әзірге қазақстандық McDonald's ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетері, McDonald's Қазақстанда осыдан алты жыл бұрын, 2016 жылғы 8 наурызда пайда болды. Қазақстанда Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау қалаларында орналасқан 23 McDonald's мейрамханасы жұмыс істейді.
Қазақстандағы McDonald's-тың қожайыны Қайрат Боранбаев осы жылдың 17 наурызында қамауға алынған болатын.
Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражатты ұрлау ісі бойынша қамауға алынды.
Қайрат Боранбаевтың қызы Алима 2020 жылдың тамыз айында қайтыс болған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанға тұрмысқа шыққаны белгілі. Олардың Амели есімді қызы және Сұлтан есімді ұлы бар.
Бұған дейін McDonald's Ресей нарығынан кетіп, орнына ресейлік "Вкусно и точка" фаст-фуд мейрамханалар желісі ашылды.