https://sputnik.kz/20220704/zharnama-shymkenttik-ayel-17-mln-tenge-25919335.html
Әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп қалған шымкенттік әйел 17 млн теңгесінен айырылды
Әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп қалған шымкенттік әйел 17 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер әлеуметтік желідегі жарнама алаяқтықтың жаңа түрі екенін ескертті 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T10:10+0500
2022-07-04T10:10+0500
2022-07-04T10:10+0500
өңірлер
жарнама
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/548/26/5482603_0:155:4693:2794_1920x0_80_0_0_ceb98a60a3ff2ff3d1c024ceb6ebb836.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Шымкент полициясы ұлттық компанияның атын жамылып, қала тұрғынын сан соқтырып кеткен алаяқты іздеп жатыр.Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз біреу халықаралық компанияның атын жамылып, биржа нарығында ақшаны бірнеше есе көбейтіп беремін деп уәде еткен."Осылайша бейтаныс адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, 17 млн теңгеден астам қаражатты "Meta Trader 4" бағдарламасына салғызып, иемденіп кеткен", - деп хабарлады полицейлер.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.Қазіргі таңда күдіктілер іздестірілуде.Полиция департаменті бейтаныс адамдарға сенбеуге және оларға ақша аудармауға, жеке деректерді жария етпеуге кеңес берді.
https://sputnik.kz/20220530/shymkentte-ayelderden-quralgan-qylmystyq-top-turgyndardy-san-soqtyryp-ketti-25157938.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/548/26/5482603_34:0:4205:3128_1920x0_80_0_0_a281e61f406a5bab437ad1e6b36292b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарнама, әлеуметтік желілер
жарнама, әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп қалған шымкенттік әйел 17 млн теңгесінен айырылды
Полицейлер әлеуметтік желідегі жарнама алаяқтықтың жаңа түрі екенін ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Шымкент полициясы ұлттық компанияның атын жамылып, қала тұрғынын сан соқтырып кеткен алаяқты іздеп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз біреу халықаралық компанияның атын жамылып, биржа нарығында ақшаны бірнеше есе көбейтіп беремін деп уәде еткен.
"Осылайша бейтаныс адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, 17 млн теңгеден астам қаражатты "Meta Trader 4" бағдарламасына салғызып, иемденіп кеткен", - деп хабарлады полицейлер.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қазіргі таңда күдіктілер іздестірілуде.
Полиция департаменті бейтаныс адамдарға сенбеуге және оларға ақша аудармауға, жеке деректерді жария етпеуге кеңес берді.