https://sputnik.kz/20220530/shymkentte-ayelderden-quralgan-qylmystyq-top-turgyndardy-san-soqtyryp-ketti-25157938.html
Шымкентте әйелдерден құралған қылмыстық топ тұрғындарды сан соқтырып кетті
Шымкентте әйелдерден құралған қылмыстық топ тұрғындарды сан соқтырып кетті
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушілер саны бүгінде 30 адамнан асқан 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T09:30+0500
2022-05-30T09:30+0500
2022-05-30T09:30+0500
қоғам
алаяқ
шымкент
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте алаяқ әйелдер тұрғындарды 100 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға ондаған азаматтан арыз-шағым түскен. Жергілікті тұрғындар алаяқтарға алданып қалғанын айтқан.Әйелдер өздерін мемлекеттік корпорацияның қызметкері ретінде таныстырып, өтеусіз грант пен төмен пайызбен несие беруге уәде еткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 100 млн теңгені құрады.Прокурорлар мен полицейлер ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрды. Алаяқтыққа 32 мен 39 жас аралығындағы 6 әйелдің қатысы бары анықталды. Қылмыстық топ қалада 2020 жылдан бері жұмыс істеген."Қазіргі таңда алты күдіктінің біреуі сотталған, елордада жазасын өтеп жатыр. Төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы біреуіне мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді полициядағылар.Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.Жәбірленушілер саны бүгінде 30 адамнан асқан. Алайда құқық қорғау органдарының болжамынша, қылмыстық топ құрбандарының саны 200-ден асуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20220525/politsey-quzhat-kredit-25054745.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, шымкент
Шымкентте әйелдерден құралған қылмыстық топ тұрғындарды сан соқтырып кетті
Жәбірленушілер саны бүгінде 30 адамнан асқан
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте алаяқ әйелдер тұрғындарды 100 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицияға ондаған азаматтан арыз-шағым түскен. Жергілікті тұрғындар алаяқтарға алданып қалғанын айтқан.
Әйелдер өздерін мемлекеттік корпорацияның қызметкері ретінде таныстырып, өтеусіз грант пен төмен пайызбен несие беруге уәде еткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 100 млн теңгені құрады.
Прокурорлар мен полицейлер ведомствоаралық жедел тергеу тобын құрды. Алаяқтыққа 32 мен 39 жас аралығындағы 6 әйелдің қатысы бары анықталды. Қылмыстық топ қалада 2020 жылдан бері жұмыс істеген.
"Қазіргі таңда алты күдіктінің біреуі сотталған, елордада жазасын өтеп жатыр. Төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы біреуіне мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жәбірленушілер саны бүгінде 30 адамнан асқан. Алайда құқық қорғау органдарының болжамынша, қылмыстық топ құрбандарының саны 200-ден асуы мүмкін.