Оқиға

Алаяқ полицей екенін айтып, адамдарға кредит рәсімдеген

© "Правительство для граждан"Казахстанский паспорт
Казахстанский паспорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Ер адам еліміздің төрт облыс тұрғындарының атынан несие алған
АЛМАТЫ, 25 мамыр-Sputnik. Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны бірнеше қала тұрғындарына кредит рәсімдеді. Жәбірленушінің арызынан кейін Қарағанды облысының Саран қаласының полициясы ер адамға іздеу жариялады. Ол Екібастұзда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Сәуір айында күдікті Екібастұзда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, несие бойынша берешегін тексеру сылтауымен жәбірленушінің құжаттарын видео мен суретке түсірген. Осылайша құжаттардың көшірмесін алған. Жәбірленуші банктердің бірінде 140 мың теңге кредиті бар екенін білгенде дабыл қақты", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мұндай қылмыстық схема үнемі қолданған. Ұсталған кезде күдікті Қарағанды және Қостанай облыстарының аумағында осындай қылмыс жасағанын мойындады. Екібастұзда зардап шеккен екі адам анықталды.
Полиция қызметкерлері ешқашан азаматтардан несие туралы ақпарат сұрамайтынын атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтарға бөгде адамдарға жеке деректерін хабарламауға, бейтаныс адамдардың телефонына сурет және видеоға түспеуге кеңес берді.
Ұсталған адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Өңірлер
Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды – видео
Жаңалықтар
0